Тоқаев Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады

 Сингапур президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 09:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: