Алдағы оқу жылы Алматыда мектеп формасы қандай болуы керек
Ведомство мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сай болуы керек екені айтылды.
"Биыл мектеп формасына ешқандай өзгеріс енген жоқ. Киім үлгісі классика стилінде, біртұтас қою көк түсте болуы керек", - деді Алматы қалалық білім басқармасы.
Сонымен ұл балаларға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, көйлек, күнделікті көйлек. Бұл ретте шалбар кең, ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Қыста тоқылған кеудеше қосуға болады. Галстук классика формасында болуы және негізгіге немесе мектеп формасының түсіне сай болуы керек.
Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, сарафан, шалбар, классика стиліндегі блузка. Шалбар да кең болуы керек және ұзындығы бойынша тобықты жабуы керек. Қыста тоқылған кеудеше қосуға болады. Бірақ белдемшенің ұзындығын білім беру ұйымы мен қамқоршылық кеңес белгілейді, содан кейін жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
Мектеп формасының матасын таңдағанда тозуға төзімділігі жоғары және антистатикалық қасиеті бар жартылай жүнді материалды таңдаған дұрыс.
Аяқкиімге қатаң талаптар жоқ. Ең бастысы - классика стилін ұстану.
"Мектеп формасына түрлі діни ағымдар киімінің элементтерін енгізуге жол берілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар травматикалық фурнитураға жататын киім мен аксессуарларды тағып, киіп келуді құптамайды", - деп толықтырды Алматы қалалық білім басқармасы.
10 қаңтарда Оқу-ағарту министрі орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қыздарға да, ұлдарға да мектеп формасының элементтеріне түймесі немесе құлпы бар тоқылған жемпір/кардиган, поло жейде немесе футболка қосылды. Сонымен қатар галстук енді оқушы гардеробының міндетті элемент емес.