Тоқаев Алматының экологиялық жағдайы мен NEET жастарына тоқталды

Тоқаев Алматының экологиялық жағдайы мен NEET жастарына тоқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 17:01 Сурет: Zakon.kz
Президент Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін қаладағы көлік қозғалысын реттеп, электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет деп санайды.

Қала әкімі Ерболат Досаев президентке 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады. Бұдан бөлек қажет инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың электромобильге деген сұранысын арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар президент тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаға тоқталды. Мемлекет басшысының пікірінше, ең әуелі NEET санатына жататын жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесіне айрықша назар аудару керек. Тоқаев үкіметке және әкімдікке жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: