Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Қайтарылған активтің бәрін ашық түрде мемлекетке тиімді шартпен нарыққа шығару керек

Президент: Қайтарылған активтің бәрін ашық түрде мемлекетке тиімді шартпен нарыққа шығару керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 12:40 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының сөзінше, қазір монополияға қарсы органның заңсыздықтарды жою үшін шұғыл шаралар қабылдайтын мүмкіндігі жоқ. Монополияға қатысты істердің үштен екісінде тергеу басталмай жатып, сотқа шағым түседі.

Ал соттағы дау-дамай жылдарға созылуы мүмкін. Соның кесірінен құзырлы мекеменің жұмысы тоқтап қалады. "Сондықтан үкімет парламентке тиісті заңнамалық түзетулер енгізуі керек" деп тапсырды президент.

"Келесі маңызды мәселе – мемлекеттің экономикаға ықпалын азайту. Қазір жекеменшікке заңсыз өткен және шетелге шығарылған бірқатар активтер мемлекетке қайтарылуда. Біз ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика құрып жатырмыз. Сондықтан қайтарылған активтің бәрін ашық түрде және мемлекет үшін тиімді шартпен нарыққа шығару керек. Жалпы, жекешелендіру және халықтық ІРО жұмыстарын барынша тездету қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. Президент ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс екенін айтты.

"Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы "Air Astana" компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. "QazaqGaz" кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс".Мемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: