Жаңалықтар тізбегі
0

Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды

Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 16:20 Сурет: primeminister.kz
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Әділет Тойбаев ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген үкімет хабарламасында. 

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.
  • 2008-2009 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры.
  • 2011-2017 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры.
  • 2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.
  • 2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2022 жылы 25 мамырда ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: