Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов Шымкенттің жаңа әкіміне біраз міндет жүктеді

Смайылов Шымкенттің жаңа әкіміне міндеттер қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 17:28 Сурет: primeminister.kz
Әлихан Смайылов қала активімен өткен кездесуде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғалы 5 жылдан астам уақыт өткенін еске салды. Оған қоса Шымкент қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы бар қала болуға тиіс екенін айтты.

Ол үшін инвесторларға тиісті жағдай жасап, қаланың дамуына серпін беретін өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға басымдық беру қажет.

"Біз Шымкент қаласының шағын және орта бизнес үшін өнеркәсіптік аймақтар құру тәжірибесін кеңінен қолдаймыз. Биыл бұл тәжірибені барлық өңірде қолдану бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шымкент шағын және орта бизнестің орталығы деп айтуға болады. Сол себепті шағын индустриялық аймақтарды іске қосу жұмыстары жалғасуға тиіс", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру маңызды міндеттердің бірі болып отырғаны айтылды. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сонымен қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етпек.

Қорытындылай келе, премьер-министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органның қызметкерлеріне мемлекет басшысы мен үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: