Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорған қаласының әкіміне 200-ден астам адам арыз жазған

Талдықорған қаласының әкіміне 200-ден астам адам арыз жазған, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 12:50 Сурет: instagram/bazil__ernat
Талдықорған қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері әкім Ернат Бәзілді кәсіпкерлерге қысым көрсетті деп айыптап, оның үстінен шағым түсірді. Азаматтар өтінішпен Президент әкімшілігіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамыз айының соңында Талдықорған әкімі тексеру жүргізен, кейін бұл Қазнетте талқыға түсті. Ернат Бәзіл құзырлы органдардан стихиялық сауда мәселесін шешуді қатаң талап етіп, қаланың орталық бөлігіндегі заңсыз саудагерлердің барлығын шығаруды тапсырған. Ал бұл жергілікті кәсіпкерлердің наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, өздері әрең күн көріп жүр. Ал қаланың жаңа әкімі саудагерлерді тиімді жерден айырмақ.

"Несиеміз бар, асырау керек отбасымыз бар, енді не істейміз? Әкім бізге қысым көрсетіп отыр. Бізге ұсынып отырған жерлері тиімсіз, Талдықорған тұрғындары арасында жалпы ол жаққа ешкім бармайды. Әкімді сайлайтын болса, біз Ернат Бәзілге дауыс бермейміз", - дейді кәсіпкерлер.

Әкімнің өзінің айтуынша, ол мұндай шешімді бірінші кезекте халықтың мүддесі үшін қабылдаған. Әкім Талдықорғанның орталық бөлігінде тәртіп орнайтынына сенімді.

"Президент әкімшілігіне мен туралы құжат жіберген, онда 200 адам бизнесті басып жатыр деп қол қойған. Олардың қандай кәсіпкерлер екені белгісіз, құжатта аты-жөні мен қолтаңбасы ғана бар. Мен сауда орталықтарының бірінің өкілімен кездестім, бірақ әзірше ешқандай шешім болған жоқ. Қазіргі жұмысыма кеше ғана келе салған жоқпын. Мұндай қорқытудан қорықпаймын. Бұны өзім үшін емес, халық үшін жасап жатырмын", - деді Талдықорған қаласының әкімі.

Облыс орталығындағы стихиялық сауда мәселесі қашан түбегейлі шешілетіні белгісіз. Кәсіпкерлер мен жергілікті билік әлі ортақ шешімге келе алмай отыр.

Бұған дейін Талдықорған қаласының әкімі ыстық судың тоқтатылуына байланысты қала тұрғындарының шағымына жауап берген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: