Тоқаев SINOPEC компаниясының алдағы жоспарымен танысты
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді. Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript