Тоқаев LY iTECH және HGTECH Co. Ltd компанияларының төрағаларымен кездесті

Тоқаев LY iTECH және HGTECH Co. Ltd компанияларының төрағаларымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 17:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы LY iTECH компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен HGTECH Co. Ltd компаниясының төрағасы Ма Синьцянды қабылдады.

Президентке тұрмыстық техникалардың, автокөліктер мен смартфондардың қосалқы бөлшектерін шығаратын және инновациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін Қытайдың ірі жоғары технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қосалқы бөлшектер мен лазерлік құрылғы өндіру үшін Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар еліміздің инновациялық әлеуетін нығайту мәселелері де қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің стратегиялық серіктес екенін, соның ішінде Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жаһандық бастамасы аясында ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: