Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті
Сурет: gov.kz
11-13 қыркүйекте Ашхабадта Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған келіссөздерге Әзірбайжан Республикасының (басшысы – С.А. Шарифов), Иран Ислам Республикасының (басшысы – А. Джахангири), Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы – М.И. Петраков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты.
Отырыста түрікмен делегацияның басшысы М.Г. Атаджанов төрағалық етті.
"Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісімнің жобасын талқылауды жалғастырды және оның бірқатар ережелерін келісті. Осы құжатты талқылау ЖДЖТ-ның келесі отырысында жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, отырыста Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындық мәселелері талқыланды", делінген хабарламада.
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі отырысы Әзербайжан Республикасында өтетіні де нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript