Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор Нұрмұхамбетов елдің астық егетін солтүстік өңірлерінде төтенше жағдай жариялауға шақырды

Сенатор Нұрмұхамбетов елдің астық егетін солтүстік өңірлерінде төтенше жағдай жариялауға шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 16:16 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сенатор Ғауез Нұрмұхамбетов өзінің депутаттық сауалында Қостанай облысындағы ауыл еңбеккерлерінің проблемаларын көтерді.

Депутаттың айтуынша, егін жинау жұмыстары басталған кезде қолайсыз ауа-райы қалыптасты, Қостанай облысының барлық аумағында үздіксіз жаңбыр жауды, тек тамыз айында жауын-шашын нормадан 2,5 есе жоғары болды.

"Ауыл шаруашылығы құрылымдары егін жинау жұмыстарының кешеуілдеуіне, егістің жаппай қаулап өсуіне жол бермеуге байланысты дақылдардың ылғалды болуына қарамастан бастыруға мәжбүр болып отыр. Облыстың кейбір аудандарында бұршақ жаууына байланысты егін жойылып кетті. Ауа-райының нашарлауы егін жинауды қиындатады, астық сапасы төмендеді, ауқымды өнім көлемі шығынға ұшырап, жемдік астыққа жатқызылатын болды. Ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендігі де жағдайды ушықтыра түсуде", - деді сенатор.

Қостанай облысына барған кезде сайлаушылармен кездесулерде депутаттың атына егіннің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар келіп түскен болатын. Сенатор Ғ.Нұрмұхамбетов осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан төмендегі мәселелерге назар аударуды сұрады.

"Импорттық тұқымдарды сатып алу және әкелу кезінде, ылғалды астықты жедел әкету және кептіру үшін фермерлерге ҚҚС-ты алып тастауды, автокөлікке тиеу талаптарына мораторий белгілеуді, өнімді егістіктен қоймаларға және астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау кезінде қазіргі уақыттағы 1 тоннаға 100 евро мөлшерінде баж салығын көздейтін күнбағыс экспортына шектеулерді алып тастауды ұсынамыз", - деді сенатор.

Сенатордың сауалында ағымдағы жылы "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолайлы бағалар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін көп көлемін сатып алуды ұйымдастыру, сондай-ақ саланы қолдаудағы мәселелерін жеделдетіп шешу мақсатында еліміздің астық егетін солтүстік өңірлерінде егін жинау жұмыстары басталған кезде ауа райының өзгеше жағдайына байланысты республика деңгейінде төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: