Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Mastercard-тың өңірлік хабы бой түзейді

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Mastercard, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 19:42 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Mastercard компаниясының атқарушы вице-президенті Никола Вилланы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында қаржы секторын, IT саласын дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнестің цифрлық құзыретін арттыру бағыттарындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент Mastercard компаниясының ТМД-дағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы консалтингтік бағытты дамыту үшін Алматы қаласын өңірлік хаб ретінде таңдау шешімін қолдады. Инновациялық төлем технологиясы саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналатын компания бүкіл Орталық Азия аймағы үшін банк секторындағы бизнес пен адами капиталды дамытуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Никола Вилла Қазақстанның GovTech-шешімдерін шетелде, әсіресе дамушы және қалыптасушы нарықтарда ілгерілету жоспары туралы баяндады. Оның айтуынша, Қазақстанның цифрландыру, электронды үкіметті және қолма-қол төлемсіз экономиканы дамыту тәжірибесіне Mastercard филиалдары жұмыс істейтін басқа елдер ерекше қызығушылық танытуда.

Президентке Mastercard компаниясының Инклюзивті өсім қоры Қазақстанда Strive бағдарламасын іске қосатыны жөнінде мәлімет берілді. Аталған бағдарлама елімізде бизнесті цифрландыруға, 300 мыңнан астам шағын және орта бизнестің біліктілігін арттыруға көмек көрсетеді.Қазақстанның Ұлттық банкімен бірлесіп, "Цифрлық теңге", "Жедел төлем жүйесі", Open banking жобаларын жүзеге асыру ісіне сараптамалық және технологиялық тұрғыдан қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Президенттің Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Mastercard компаниясы арасында осы және өзге де бастамалар қамтылған Digital Country Partnership (DCP) негіздемелік келісіміне қол қойылды.

Mastercard – әлемнің 210 еліндегі 2,3 миллиардтан астам тұтынушыны бірыңғай төлем жүйесіне қосқан жаһандық жетекші технологиялық компания. Нарықтағы құны 390 миллиард доллардан асатын Mastercard әлемдегі ең қымбат 10 брендтің қатарына кіреді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: