Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ақтаудың әкімі болды

Ақтау қаласының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 15:04 Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі
2023 жылғы 20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қызметінен өз еркімен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына қала әкімі лауазымына жаңа кандидатты ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ұлықбек Тналиев болды.

Ұлықбек Тналиев Атырау мұнай және газ институтының бакалавриатын "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығы бойынша бітірген, "Техника ғылымдары" магистрі, сондай-ақ "Экономика және бизнес"магистрі академиялық дәрежесіне ие.


Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

Қалалық мәслихат депутаттары Тналиевтің кандидатурасын қолдады.

Нұрлан Ноғаев Ербол Ізбергеновке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Ұлықбек Тналиевке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: