"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Директорлар кеңесінің отырысы өтті

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Директорлар кеңесінің отырысы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 20:00 Сурет: primeminister.kz
28 қыркүйекте ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Қатысушылар өңдеу өнеркәсібі, көлік және коммуналдық инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру мәселелерін талқылап, холдингтің 2023 жылғы II тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекітті.

Құжатта тәуекелдер картасы, тәуекелдерді басқару жоспары, негізгі көрсеткіштер мен іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат жазылған. Сонымен қатар холдинг пен оған еншілес ұйымдардағы қаржылай тәуекелдер туралы ақпарат қамтылған.


Сурет: primeminister.kz


Бұдан бөлек ішкі аудит қызметінің биыл II тоқсанындағы есебі және 2019-2023 жылдарға арналған түзетілген іс-шаралар жоспары бекітіліп, холдинг қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: