Тоқаев Того Республикасының президентімен Африка елдерімен ынтымақтастық құру мәселесін талқылады

 Того Республикасы, Қазақстан президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 17:10 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты.

Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады.

"Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады", – делінген ресми хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: