Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық-транзиттік тасымалдың 80%-ы Қазақстан арқылы өтеді

Президент: Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық-транзиттік тасымалдың 80%-ы Қазақстан арқылы өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 17:09 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге, табысты ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа салаларды іздеуге бағытталған ТМД форматындағы белсенді ықпалдастықты жалғастыруға шақырды

"Тығыз сауда-экономикалық байланыстарды дамыту негізгі міндет болып қала береді. Достастыққа мүше елдердің нарықтары біз үшін қашанда басымдыққа ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымының төрттен бірінен астамы ТМД мемлекеттерімен жасалды. Бұл оң динамика биыл да сақталып отыр. Қазақстанның сауда айналымы 7 айда 4,5 пайызға өсіп, 20,5 миллиард долларды құрады. Біз сауда байланыстарын одан әрі нығайту үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалануымыз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, сауда кедергілерін жоюға, қолайлы тарифтік жағдай жасауға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге баса мән беру қажет.

Сонымен қатар президент Достастық кеңістігіндегі көлік дәліздерін дамыту маңызды екеніне назар аударды.

"Біз өзіміздің бірегей географиялық артықшылығымызды пайдаланып, жаһандық нарықтарды ұштастыруымыз керек. Осылайша, аймағымызды ірі көлік-логистикалық хабқа айналдырамыз. Әлемде жаңа экономикалық география қалыптасып, сауда ағындары ұлғая түскен қазіргі жағдайда бұл бағыт стратегиялық маңызға ие болады. Бүгінде Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық-транзиттік тасымалдың 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Біз Транскаспий көлік бағытын, "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізін одан әрі дамытуға, сондай-ақ "Қазақстан – Түрікменстан – Иран" теміржолының мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға айрықша мән береміз. Қазақстан "Достық – Мойынты", "Бақты – Аягөз", "Дарбаза – Мақтаарал" теміржол жобаларын тезірек іске асыруды көздейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: