2024 жыл ТМД-да "Волонтерлік қозғалыс жылы" деп жарияланды
Сурет: assambly.kz
Келер жыл 2024 жылды ТМД-да "Волонтерлік қозғалыс жылы" деп жарияланды. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы орайда президент Достастық елдерінің волонтерлер бірлестіктерінің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екеніне назар аударды.
"2024 жылды ТМД-да Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялау бастамасын құптаймыз. Қазақстан 2020 жылды Волонтер жылы ретінде атап өтті. Еріктілердің ізгі амалдары қоғамымызда тілеулестік, мейірімділік және жанашырлық қасиеттерінің терең тамыр жаюына елеулі үлес қосады. Мұндай адамгершілік талпыныстарға жан-жақты қолдау көрсету маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Достастық елдері еріктілерінің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды.
Мемлекет басшысы сөзінің соңында 2024 жылы Ресей Федерациясының ТМД-ға төрағалық етуі және кезекті саммитті келесі жылы күзде Мәскеуде өткізу туралы шешімді қолдады. Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті ТМД-ның Құрмет белгісімен марапаттау туралы Қырғызстанның бастамасын құптады.
Еске салсақ, 2023 жыл ТМД-да "Орыс тілі жылы" деп жарияланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript