Жаңалықтар тізбегі
0

"Республика күні" қарсаңында полиция тәртіпті күшейтілген режимде қамтамасыз етпек

"Республика күні" қанша полицей тәртіпті қамтамасыз етпек, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2023 12:37 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев еліміз үшін маңызды мереке – "Республика күні" қарсаңында Ішкі істер министрлігі тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жасап жатқанын айтты.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторының айтуынша, 24-26 қазан күндері бүкіл жеке құрам қызмет өткерудің күшейтілген нысанына ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді.


"Құқықтық тәртіптің күштері мен құралдарының есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Полиция жасақтары азаматтар көп жиналатын, әрі демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар Жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторингілеу үшін министрлікте Жедел штаб жұмыс атқарады. Ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады". ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев

Жалпы министрлік "Республика күні" азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге барынша күшін салып жатқанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: