Тоқаев жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты

Президент Үштөбеге барған сапарында биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент биыл салынып, халық игілігіне берілген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты. Аталған медицина мекемесі бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады.
Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.
Сонымен қатар Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласындағы әлеуметтік нысандардарға барғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Үштөбедегі Кемел Тоқаевтың есімі берілген орта мектепті аралап көргенін хабарлаған едік. Білім ошағы 1963 жылы салынған. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген.
Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript