Қытай төрағасы Си Цзиньпин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты

Қытай төрағасы, Қарағанды облысы, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, Костенко шахтасы, шахтадағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 20:11 Сурет: fmprc.gov.cn
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатқанын хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Көңіл айту жеделхаттарын Болгария президенті Румен Радев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: