Шарлапаев: Мемлекет АМТ ұстауға бюджет қаражатын жұмсамайды

Шарлапаев: Мемлекет АМТ ұстауға бюджет қаражатын жұмсамайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 13:27 Сурет: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 2022 жылы 3 миллион доллардан астам кіріс алған. Бұл кәсіпорынды ұстауға мемлекет бюджеттен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ дегенді білдіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Шарлапаев бұл туралы үкіметте өткен брифингте айтты.

"АрселорМиттал Теміртау" – жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. 2022 жылы оның кірісі 3 миллион доллардан асты. Бұл өзін-өзі қамтамасыз етуге, қаржы ағынын реттеуге жетеді. Бұл – үздіксіз жүріп тұрған кәсіпорын. Сондықтан кәсіпорынды ұстауға (мемлекетке өткізгеннен кейін. – Ред.) бюджет ақшасын жұмсаймыз деу дұрыс емес деп ойлаймын. Біріншіден, кәсіпорын өзінің функционалдығын сақтайды".Қанат Шарлапаев

Қанат Шарлапаев компания Қазақстанның меншігіне өткеннен кейін үкімет АМТ-ны ешбір шетел инвесторына беру мүмкіндігін қарастырмағанын айтты. Сонымен қатар оның айтуынша, жалақы мен штат қысқармайды.

Қарағанды ​​облысында Костенко шахтасында 28 қазанға қараған түні жарылыс болды. 252 адам шахтада болған, 206 кенші жер бетіне шықты. Қалған 46 жұмысшы қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: