Астанаға Режеп Тайип Ердоған келді

Түркия президенті, Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 17:56 Сурет: primeminister.kz
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

Сурет: primeminister.kz

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.

Бүгін Қазақстанға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: