Путин Қазақстанға келді

Путин Қазақстанға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 09:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұрын хабарланғандай, сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған. Оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: