Жаңалықтар тізбегі
0

Шавкат Мирзиёев: Қазақстан мен Өзбекстан арасында шешілмеген мәселе жоқ

Өзбекстан президенті, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 12:35 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде Шавкат Мирзиёев Қазақстанның пермьер-министрі Әлихан Смайловпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-саммитіне қатысу үшін келді. Әлихан Смайылов Ташкенттегі іс-шара қарсаңында сол елдің президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жүйелі түрде іске асырылып жатқанын айтты. Осы орайда Өзбекстан басшысы сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтарды ерекше атап өтті.

"Біз барлық мәселеде алға жылжып келеміз. Меніңше, шешілмеген мәселе жоқ. Сауда саласында Қазақстан президентімен келіскен жобалар бізге жаңа белестерге жетуге көмектеседі", –  деді Өзбекстан президенті.

Премьер-министр оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі екенін баса айтты.

ҚР премьер-министрі, Өзбекстан, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 12:35

Сурет: primeminister.kz

Әлихан Смайылов жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бақылауында болатынын атап өтті.

"Өзбекстан – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың шамамен 70%-ы біздің елдерге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30%-ға артып, алғаш рет $5 млрд-қа жетті. Біз өзара сауданы $10 млрд-қа жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Өзбекстанмен ынтымақтастықты серпінді дамытуға бар күш-жігерін салатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: