Қазақстан мен Ресей арасында қандай құжаттарға қол қойылды
Сурет: akorda.kz
Келіссөздер қорытындысы бойынша 2023 жылы 9 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин ХХІ ғасырда тату көршілік пен одақтастық туралы бірлескен мәлімдемені қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерден кейін қол қойылған құжаттар тізімі Ақорданың Telegram арнасында жарияланды:
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары.
Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасында "Көкшетау", "Семей" және "Өскемен" жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің 2024-2025 жылдарға арналған өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспары;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық еңбек және жұмыспен қамту қызметі арасындағы еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" мен "Информационное телеграфное агентство России" (ИТАР-ТАСС) Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы ақпараттық серіктестік туралы келісім.
2023 жылы 9 қарашада Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді. РФ көшбасшысын елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары халықаралық ахуалдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript