Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 17:51 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сонымен қатар құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сонымен қатар отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен басқа да кедергілерді жойып, көлік-логистика қызметінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет.

Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша президент үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: