Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның Көлік министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

 Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі комитеттерінің төрағасы қызметтері, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 17:26 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен Төлеген Абдуллин, Олжас Сапарбеков және Алтай Әли Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі комитеттерінің төрағасы қызметтеріне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылғы 13 қарашада үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеген Абдуллин 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, "Қаржы академиясы" АҚ тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақавтожол" РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері лауазымынан бастады. "Қазақавтожол" РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры, Астана қаласында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылық қызметтерін атқарды. 2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін — Көкшетау қаласы, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының м. а., директоры, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары болған.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы жеке меншік теміржол компаниясында бастаған.

2001-2006 жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" құрылымында жұмыс істеді. Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. "Атамекен" ҰКП сарапшы, департамент директорының орынбасары, Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылдың маусым айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Алтай Сембекұлы Әлі ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорында менеджер, Астана қалалық сотының бас маманы, Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі, Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: