Қорғаныс министрі: Әйелге тек әлсіздер қол көтереді
Журналистер Қорғаныс министрінен болашақта әйелдерге қол көтермеу үшін ұл балаларды қалай тәрбиелеу керек екенін сұрады.
"Тәрбиенің негізі отбасында берілетінінен бастайық: ата-ана өз баласына қалай қараса, балалар кейін басқаларға да солай қарайды. Жалпы әйелге қол көтеру ешбір еркектің абыройы емес. Әйелге әлсіздер қол көтереді", - деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Оның ойынша, ер адам – ең әуелі өз мемлекетінің, отбасының қорғаушысы.
2023 жылдың 15 қарашасында мәжіліс депутаты Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды ұсынды.
Жалпы отырыста Жұлдыз Сүлейменова әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылықтан нашар қорғалуы мәселесін көтеріп, жазаны қатайтып, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресетін жауапты мемлекеттік орган тағайындауды талап етті.
Депутаттың айтуынша, өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-шенеунік бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша сотталып, кейін рақымшылыққа ілінгені туралы жантүршігерлік ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Одан кейін бірнеше күн өтпей, Талдықорғанда полиция қызметкері қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл фактілер тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесіне тағы да жалпы назар аударуға итермеледі.