Жаңалықтар тізбегі
0

"19 мыңнан астам арыз түскен": премьер-министр еліміздегі жолдардың сапасын сынады

"19 мыңнан астам арыз түскен": премьер-министр еліміздегі жолдардың сапасын сынады Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында жол құрылысының сапасына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, әлемдік тәжірибе күре жолдарды дамыту ел экономикасының өсу динамикасына оң әсерін беретінін көрсетіп отыр. Бұған жол саласы жақсы дамыған Германия, АҚШ, Жапония, Қытай және басқа да мемлекеттер айқын мысал бола алады.

"Күре жолдардың кең таралған желісі ішкі және сыртқы сауданы дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан толыққанды көлік-логистикалық хабқа айналуға тиіс. Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай міндет қойып отыр. Ол үшін автомобиль жолдарының құрылысы, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету жобаларын іске асыруды жандандыру қажет. 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр. Барлық қаржыландыру мәселелері шешілген". Премьер-министр Әлихан Смайылов

Содан кейін ұзындығы 4,7 мың км болатын жаңа жобаларды іске асыру басталады. Осылайша 2030 жылға дейін барлық халықаралық автомобиль дәлізін жаңғырту аяқталмақ.

"Басты мәселе – жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету. Жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отыр. Әсіресе, сапасыз жөндеуге қатысты айтылып жатқан сын көп. Тек биылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті", - деді премьер-министр.

Мысалы, жол азабын тартқан Қостанай облысының тұрғындары Ұзынкөл станциясы мен Троебратское ауылы арасындағы әбден тозып біткен жолға қатысты ұжымдық хат жазған. Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол. Биыл Ақтөбе облысының Жұрын станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған. Тараз қаласының тұрғындары Қарасу шағын ауданында 1 жылдан астам уақыт бойы бітпей жатқан жол жөндеу жұмыстарын аяқтауды талап етіп келеді. Мұндай мысалдар барлық өңірде көп кездеседі.

Сонымен қатар оның айтуынша, әкімдіктер жергілікті жолдардың сапасына дұрыс сараптама жасай алмай отыр. Кейбір өңірлер құрылыс-монтаждауды техникалық қадағалау тарапынан бақылаусыз жүргізеді.

"Ұзақ жылдар бойы жол саласында шешілмей келген проблеманың бірі – битум тапшылығы. Тапшылықты импорт есебінен жабуға мәжбүр болып отырмыз. Битум бойынша пайдалану технологиясы сақталмайды. Бұл да жолдардың сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар әкімдіктер құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жобаларына арналған жер учаскелерін беру уақытын созып жібереді. Осы факторлардың барлығы саланы дамытуға кедергі болады. Сондықтан жол құрылысына деген көзқарасты өзгерту қажет". Әлихан Смайылов

Осыған байланысты премьер-министр мына мәселелерді атап өтті:

  1. Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автомобиль жолдарына қатысты барлық жоспарланған жобалардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет.
  2. Көлік министрлігі мен Қазавтожол компаниясы битумды сақтау инфрақұрылымын құру бойынша шаралар қабылдауы қажет. Сонымен қатар әкімдіктермен және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, битумды сақтау және пайдалану технологиясының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
  3. Ауыл шаруашылығы министрлігі Экология министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін кеңейту жобаларына арналған жер учаскелерін беру тәртібін оңайлату мәселесін пысықтауы керек.
  4. Әкімдіктер Жол жобаларының ұлттық сапа орталығымен және техникалық қадағалаумен шарттарды уақытылы бекітуді қамтамасыз етуі тиіс.
  5. Әкімдіктер азаматтардан жол сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар бойынша уақытылы шаралар қабылдауы қажет.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: