Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаев кітап жазып шығарды

Нұрсұлтан Назарбаев кітап жазып шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 13:11 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты мемуарлық туындысы жарық көрді.

Nazarbayev.kz сайтының хабарлауынша, бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.

"Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерін бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады", - делінген хабарламада.

"Жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы тұңғыш президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі. "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" – халқының азаттық туралы сан ғасырлық асыл мұратын ақиқатқа айналдырған көшбасшының жан сыры", - делінген мәлімдемеде.

"Меломан" және "АлматыКітап" дүкендер желісінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты естелік кітабы сатылымға шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: