Танымал математик Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігіне қызметке тағайындалды
Сурет: Zakon.kz
Белгілі қазақ математигі Ержан Сейітқұлов ҚР Президенті әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің 4 желтоқсан күні хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript