Президент қабылданған жаңа жоспар туралы: Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, адам құқықтары туралы жоспар, гендерлік теңдік, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 20:02 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқығы мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қоюына байланысты Х парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойдым. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады", – деп жазды Президент Х парақшасында.

Алдында Мемлекет басшысы "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: