Тоқаев Кувейт шейхын Әмір лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейт, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 20:49 Сурет: akorda.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Әмірі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.


"Таққа отыруыңыз туралы шешімді Кувейттің өркендеуі мен мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдар бойы сіңірген Сіздің риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін. Қазіргі таңда Кувейт – іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып келе жатқан ел. Сондай-ақ оның халықаралық қауымдастықтағы мерейі үстем. Осы ретте Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіздің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, 19 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сисиді  Мысыр Араб Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: