Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне көлемді сұхбат берді

Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне көлемді сұхбат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2024 13:33 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына кең көлемді сұхбат берді. Сұхбат ертең "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Сонымен қатар президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады делінген.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: