Тоқаев Италия және Ватикан мемлекеттеріне барады

Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 17:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан бөлек президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзі азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: