Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Еуропалық одақпен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше мән береді

Қазақстан Еуропалық одақпен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше мән береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 17:17 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық қатынастарын нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Бұл ретте Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы маңызды рөл атқарады.

"Біз өзара сенім мен құрметке негізделген Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығын одан әрі кезең-кезеңмен дамытуды қолдаймыз", — деді Әлихан Смайылов.

ЕО – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. ЕО үлесіне сыртқы сауданың шамамен 30%-ы және тартылған инвестициялардың шамамен 40%-ы тиесілі. Мәселен, өткен жылдың 11 айында тауар айналымы 5%-ға жуық өсіп, шамамен $38 млрд-қа жетті.

"Бүгінде Қазақстанда 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, оның 130-ы өткен жылы ғана қосылды. Бұл көрсеткіштер еуропалық серіктестерге экономикамыздың тұрақтылығы мен тартымдылығын көрсетеді. Еуропаның инвестициялық қоғамдастығын бірлескен жобаларға кеңінен қатысуға шақырамыз", — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Еуропалық комиссияның вице-президенті Қазақстанның Еуропалық одақ үшін маңызды әріптес екенін атап өтті.

"Қазақстанда ауқымды жаңғырту процестері жүріп жатқанын білеміз. Еуропалық одақ атынан Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды ойыншы етіп отырған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформалардың маңыздылығын атап өткім келеді", — деді Маргаритис Схинас.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: