Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы кәсіпкер Нұрлан Смағұловпен кездесті

Мемлекет басшысы кәсіпкер Нұрлан Смағұловпен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 18:42 Сурет: akorda.kz
Президентке кәсіпорын жұмысының нәтижесі, Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамытуға және оның жергілікті үлесін арттыруға бағытталған индустриялық жобаларды жүзеге асыру жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловты қабылдады

Нұрлан Смағұловтың айтуынша, "Astana Motors" құрамындағы компаниялар былтыр жергілікті және республикалық бюджетке 140 миллиард теңге көлемінде салық, баж, алымдар және басқа да міндетті төлемдер төлеген. Бүгінде кәсіпорында 6489 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 1615 адам өндірісте қызмет етеді.

Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty зауыттары былтыр 48857 жеңіл көлік және 981 коммерциялық техника шығарған.

Қасым-Жомарт Токаевқа Chery, GWM (Haval), Changan маркалы автокөліктерді өндіретін мультибрендтік Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының құрылысы жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды. Бұл зауыттың қуаты жылына 90 мың автокөлік шығаруға жетеді. Оның 40 пайызы ішкі нарықта сатылса, 60 пайызы экспортқа жіберіледі. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланған. "Astana Motors" компаниясы 2027 жылы дәнекерлеу және шанақты бояумен қоса алғанда, көлікті толығымен ұсақ бөлшектерден құрастыруға көшуді басты мақсат етіп отыр.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін, соның ішінде машина жасау ісін дамыту индустриялық саясаттың басымдығы саналатынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: