"Әйелдің тілі ұзын болғанынан": депутат тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа әйелді кінәлады
Сурет: pixabay
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру барысында мәжіліс депутаты Әнас Баққожаев зорлық-зомбылықты көбіне жәбірленушілердің өздері тудырады деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қолдайтынын айтты.
"ұсынып отырған заң жобасын қолдаймын. Әйелге қол көтеру - ең байғұс еркектің ісі. Дегенмен де ұрыстардың бәрі мына ұрудан шықпайды ғой. Ерлерді де кішкене түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды, сол жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйел адамдар кешірсін мені. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақтың сөзі бар. Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс дейді. Болмаса елге жаққан әйел ерге де жағады дейді міне. Біз кішкене қазақылықтан, қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз, өкінішке қарай", - деді ол .
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха оны қолдамады.
"Әйел қателессе де, физикалық емес басқа да жолдар бар. Алғы шарт қандай болғанына қарамастан, егер ол дене жарақатын келтірсе, ол жауапкершілікке тартылуы керек. Кім кінәлі, кім кінәлі емес, оның қандай айырмашылығы бар? Қылмыс жасалмас бұрын осыларды шешу керек. Қылмыс жасалса, жауапкершілік болуы керек", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары.
Сонымен бірге ол тирандар басқаларды жиі кінәлайтынын айтты.
"Иә, бәрі болуы мүмкін. Ал ол не дейді? "Бұл маған ұнаған соң істедім" дей ме? Әрине, ол осы жағдайға біреу түсірді дейді, өмір қиын, әйелім жеткізді дейді. Бірақ бұл шын мәнінде ақталу емес", - деп түйіндеді Игорь Лепеха.
5 ақпанда депутат Елнұр Бейсенбаев әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру кезінде педофилдерге хирургиялық кастрация енгізуді ұсынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript