Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілмек
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады.
Марат Омаров:
- Агенттіктің бақылау функцияларын орындау барысы, оның ішінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары туралы есеп берді;
- монополияға қарсы шаралар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Орындалған ұйғарымдардың үлесі 90,3 пайызға жеткен;
- Агенттіктің бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған жоспары жайында айтты:
Бүгінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау үшін ақпараттық-сараптамалық жүйе әзірленіп, іске қосылған, мемлекеттік қызметтер цифрландырылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараттық жүйесі, яғни деректер базасы әзірленіп жатыр. Картельдік сөз байласу фактілерін анықтау мақсатында жасанды интеллект элементтері енгізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Омаровқа экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тексеру жұмыстарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript