Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыстар туралы айтты

Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыстар туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2024 17:17 Сурет: akorda.kz
Президент "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады.

Рустам Қарағойшин:

  • холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді;
  • "Бәйтеректің" бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайтынын айтты:
  • компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті.
  • компанияның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндады:
  • Қазақстанның барлық өңірінде шағын, орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту;
  • шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі.

Мемлекет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жандандыру маңызды екенін атап өтіп, жүктелген міндеттердің жоспарлы орындалуы еліміздің экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: