Президент "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Марапаттау рәсімі, Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ару-ана" байқауы, 8 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 17:40 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, барша әйелдер қауымын құттықтап сөз сөйледі. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

"Ару-Ана" байқауының жеңімпаздары:

  1. "Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба" номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;
  2. "Ғылым саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;
  3. "Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;
  4. "Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;
  5. "Агробизнес саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;
  6. "Креативті индустрия саласындағы үздік жоба" номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы.

Салтанатты жиыннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әйелмен әлем әдемі" атты мерекелік концертті тамашалады.

Айта кетсек, 2024 жылы 7 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, барша әйелдер қауымын құттықтап сөз сөйледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: