Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Атырау өңірінің экологиясы жайлы: Бұл мәселе менің бақылауымда болады

Атырау, экология, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 17:03 Сурет: freepik
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың 15-і күні өткен үшінші Ұлттық құрылтайда ҚАтырау өңіріндегі экология мәселесіне баса тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Өз сөзінде Президент осы басқосуға аймақ өкілдерін шақыру туралы тапсырма бергенін де жеткізді.

"Бүгін, міне, ортамызда атыраулық ағайындар да отыр. Соның ішінде экология мәселелерін көтеріп жүрген белсенді азаматтар бар. Жалпы Атырау жұртшылығы облыстың экологиялық ахуалына алаңдап отырғанын білемін. Қалада кәріз жүйесін, су құбырын салу өте маңызды. Инфрақұрылым әбден ескірген. Соның кесірінен жерасты сулары және Жайық өзені ластанып жатыр. Облыс орталығында қоқысты сұрыптауға және өңдеуге қатысты түйткілдер бар. Атырауда қоқыс сұрыптайтын кешен салынған. Әкімдік оны жақын арада іске қосуға тиіс. Сондай-ақ қоқыс полигонын дереу ретке келтіруі қажет. Бұл мәселелер міндетті түрде өз шешімін табуы керек. Қазір осыған байланысты нақты жұмыс жасалып жатыр. Үкіметке және облыс әкімдігіне бұл маңызды жұмысты аяғына дейін жеткізуді тапсырамын. Бұл мәселе менің бақылауымда болады". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент өз сөзіде жалпы Атырау облысының дамуына ерекше мән беру керектігін баса атап өтті.


"Сондықтан Үкімет пен әкімдік арнайы жоспар бойынша жұмыс істейді", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда Онкология орталығын салу туралы тапсырма бергенін, бірақ ол мәселе қаржы мәселесіне байланысты созылып кеткенін еске салды.

"Мен кезінде осында Онкология орталығын салу туралы тапсырма бердім. Бірақ, қаржы мәселесі толық шешілмей, созылып кетті. Енді оған жер қойнауын игерумен айналысатын кәсіпорындар қаржы бөлетін болды. Құрылыс келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, Радиология корпусының құрылысын қаржыландыру мәселесі де шешімін тапты. Бұл нысан жыл соңына дейін салынып бітеді. Осы жобаларға демеушілік көрсеткен азаматтарға және компанияларға ризашылығымды білдіремін.Бұдан бөлек, биыл бірнеше емхана, оңалту (реабилитация) орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі", - деді Президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: