Тоқаев еліміздегі су тасқыны жағдайларына байланысты жиналыс өткізеді

Су тасқыны, Қасым-Жомарт Тоқаев, жиналыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 11:23 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 30 наурызда Қытайда мемлекеттік сапармен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге оралып, Премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді", делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланатыны да нақтыланады.

Айта кетсек, Президент 2024 жылдың 27 наурызынан бастап мемлекеттік сапармен ҚХР-да жүр. 28 наурызда Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: