Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения, Баку, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 17:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды. Бұл туралы 2024 жылдың 15 сәуірінде ҚР Президентінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ереванда өткен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды.

"Мемлекет басшысы Армения мен Әзербайжанның бейбіт келісім жасау жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Осы орайда Қазақстан Президенті Ереван мен Баку арасында тезірек берік әрі ұзақмерзімді бейбітшілік орнағаны маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді", делінген хабарламада.

Бейбітшілік пен келісімге нақты келіссөздер арқылы қол жеткізуді жақтайтын Қазақстанның бұл бағыттағы барлық іс-әрекетті қолдауға әзір екені айтылды. Тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде Ереванға ресми сапармен барды. Мемлекет басшының 15 сәуірдегі Армениядағы шағын форматта өткен кездесуден кейін екі ел басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды. Одан кейін Қазақстан Президенті Еревандағы Парламент ғимаратында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянмен кездесу өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения еліндегі алғашқы ресми сапарында ел президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: