Аида Балаева "Қазтелерадио", "Қазақфильм" және "Астана Опера" МӨБ директорлар кеңесі құрамына кірді
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, республика заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваны "Қазтелерадио" акционерлік қоғамдарының, "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының" және "Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін, - делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева лауазымға 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалды, 2024 жылғы 6 ақпанда қайта тағайындалды. Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.