«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады – үкімет

ҚР Үкіметі, "Қазақтелеком", акция, мемлекеттік меншік, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2022 17:03 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл туралы ақпарат ҚР үкіметінің Телеграм арнасында жарияланды.

 

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

 

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: