Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 09:05 Сурет: primeminister.kz
Үкіметтің қаулысымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметі баспасөз қызметі 6 маусымда мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", делінген хабарламада.

Олжас Анафин:

1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары — Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: