Өнеркәсіп министрлігінде көмір өндірудің төмендеу себебі айтылды
Сурет: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс Вице-министрі Олжас Сапарбеков 7 маусымда Қазақстанның көмір өнеркәсібінің V форумында елде көмір өндірудің қандай себептермен азайғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сапарбеков саланың алдында жасыл энергетика, логистика және бағамен байланысты бірқатар мәселелер тұрғанын атап өтті.
"Осы факторлардың кейбіреулері қазіргі жағдайға әсер етеді. Егер 2023 жылы өндіру көлемі 113 млн тоннаны құраса, бұл 2022 жылдан 1 млн төмен болды. Қаңтар-сәуір айларында көмір өндіру 35 млн тоннаны құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 2,7 млн тоннаға қысқарып отыр",-деді вице-министр.
Оның айтуынша, негізгі себептер-логистика мен әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуіне байланысты мәселелер.
"Әлемдік тенденция көміртегі бейтараптығына, көмір өндірісін азайтуға бағытталған. Осыны ескере отырып, Министрлік өндірісті қысқарту тәуекелдерін нивелирлеу, сондай-ақ көмір экспортын сақтау және кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Мұнда біз энергия өткізуші компаниялармен, Энергетика министрлігімен және таза көмір жеткізу бойынша серіктестермен жұмысты күшейтуіміз керек", - деп жалғастырды Олжас Сапарбеков.
Ол сондай-ақ көмір химиясы өндірісті сақтаудың жақсы резерві екенін атап өтті.
"Біздің қызметкерлер ҚХР-ға сапар ұйымдастырды, онда біз көмірден жоғары маржиналды, тез өтелетін өнім алуға болатынына және қажет екеніне көз жеткіздік. Бұл бағытта біз капитал мен көмір химиясын одан әрі тарту мәселесі бойынша ірі қытайлық компаниялармен жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деп түйіндеді вице-министр.
Бұған дейін Министрлікте Қазақстан болашақта қандай пайдалы қазбалардың тапшылығына тап болуы мүмкін екендігі айтылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript