Тоқаевқа Түркістан облысындағы бу-газ электр станциясын салу барысы баяндалды

Кездесу, Қазақстан-Корея бизнес форумы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Doosan Group, Чжеонг Вон Пак. Doosan Enerbility Ён Ин Чонг, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 18:36 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу басында Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін корей компаниясына алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, осындай қиын-қыстау жағдайда кәсіпкерлердің халықты қолдауы олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары екенін көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ компанияның Атырау облысында "Қарабатан" газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге қатысу перспективалары туралы мәлімет берілді.

Айта кетсек, Doosan Enerbility компаниясы Doosan Group құрамына кіреді. Бұл кәсіпорын атом электр станцияларын салуға, жылу электр станцияларын, турбиналар мен генераторлар, су тұшытатын қондырғылар өндіруге маманданған. Компанияда 5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 2023 жылы өнім сату көлемі 17,5 миллиард долларды құрады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: