Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекеттік қызметші, құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев, кәсіби мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 09:35 Сурет: syrboyi.kz
2024 жылы 23 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: